Сенбі, Сәуір 27, 2024
7.3 C
Kokshetau
5 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЦелиноградМәжіліс төрағасы Қабанбай батыр ауылында оқушыларды соңғы қоңыраумен құттықтады

Мәжіліс төрағасы Қабанбай батыр ауылында оқушыларды соңғы қоңыраумен құттықтады

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Целиноград ауданына барды. Спикер оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, өңірдің ірі шаруа қожалықтарының жетекшілерімен кездесті.

Сапар барысында Ерлан Қошанов Қабанбай батыр ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектеп түлектері мен бірінші сынып оқушыларының салтанатты жиынына қатысты.

«Бүгін біз үшін ерекше күн. Қос мереке қатар келіп отыр. Халықаралық балаларды қорғау күнімен және соңғы қоңыраумен құттықтау үшін арнайы келдім. Бүгінде мемлекет тарапынан білім беру жүйесін жетілдіруге және түлектердің өзін-өзі дамытуы үшін барлық жағдай жасалған. Жыл сайын тегін гранттар саны ұлғайып жатыр. Жаңа университеттер ашылып, түрлі бағдарламалар қолға алынуда. Педагогтардың мәртебесі артып келеді», – деді Мәжіліс төрағасы.

Мәжіліс спикері Президенттің бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл елімізде 400 жаңа мектеп салынатынын атап өтті. Соның біреуі осы Қабанбай ауылында бой көтереді.

«Бұл мектеп ең жоғары стандарттарға сай салынады. Еліміздегі ең үздік мектептермен терезесі тең болады. Біраз ұстаздар мен оқушылар жуық арада жаңа әрі жайлы мектепке көшеді», – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасымен бірге оқушыларды құттықтауға депутаттар Айна Мысырәлімова мен осы мектептің түлегі Динара Наумова да келді.

«Бүгінгі түлектер де еліміздің лайықты азаматтары болады деп сенемін. Тек қана алға ұмтылыңдар. Өз күштеріңе сеніңдер. Қиындықтардан қорықпаңдар. Сонда ғана көздеген мақсаттарыңа қол жеткізесіңдер», – деді Мәжіліс төрағасы.

Сонымен қатар Ерлан Қошанов Ақмола облысының ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өтті, бірқатар шаруа қожалықтарына барды.

Өңір басшысы облыс дамуының негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштері туралы хабардар етті.

Спикер егіс науқанының нәтижесімен танысып, ауыл шаруашылығы саласына қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...