spot_img
spot_img
12.7 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіКөкшетау қаласында «Театрдың ғажайып әлемі» атты облыстық театр өнері байқауы өтті

Көкшетау қаласында «Театрдың ғажайып әлемі» атты облыстық театр өнері байқауы өтті

-Жарнама -spot_img

2022 жылғы 9 қыркүйек күні «Театрдың ғажайып әлемі» облыстық театр өнерінің байқауы өтті. Байқау Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Іс-шараның мақсаты балалар мен жастардың шығармашылығын әлемді эстетикалық және бейнелі танудың, жас ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің факторы ретінде қолдау болып табылады.

Байқауға 9 ауданынан және Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалаларынан 13 театр ұжымы, оның ішінде 8-17 жас аралығындағы 94 оқушы қатысты.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді: «Драмалық спектакль», «Әдеби-музыкалық композиция», «Қуыршақ театры».

Қатысушы ұжымдар режиссерлік ой, актерлік ойын, музыкалық шешімі, әсем бейнесі, көркемдік безендірілуі критерийлері бойынша бағаланды.

Қазылар алқасының шешімімен байқаудың қорытындысы төмендегі ретпен орналасты:

Гран при
«Шабыт» театр ұжымы – Аршалы ауданы, Қостомар негізгі мектебі.

1 орын
«Драмалық спектакль» номинациясында – «Жұмат Шанин атындағы театры», Нұр-сұлтан қаласы, №2 ДБАОММЛИ;

«Қуыршақ театры» номинациясында – «Смешарики» театр ұжымы, Есіл ауданы, Есіл қаласының БЖШО;

2 орын

«Драмалық спектакль» номинациясында – «Фантазёры» театр ұжымы, Бұланды ауданы, Макинка қаласының БЖШО;

«Драмалық спектакль» номинациясында – «Дарын» театр ұжымы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылының БЖШО;

«Қуыршақ театры» номинациясында – Шортанды ауданы, Научный ауылының БЖШО «Зеленая лампа» театр ұжымы.

3 орын
«Драмалық спектакль» номинациясында – «Таңшолпан» театр ұжымы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылының Оқушылар үйі;

«Музыкалық спектакль» номинациясында – «Атамекен» театр ұжымы, Целиноград ауданы, «Жас Шабыт» БЖШО;

«Әдеби-музыкалық композиция» номинациясында – «Юные театралы» театр ұжымы, Сандықтау ауданы, Максимовка ауылының ЖББМ;

«Қуыршақ театры» номинациясында – «Сказка» театр ұжымы, Жақсы ауданы, Киевское ауылының ЖББМ.

«Үздік әйел рөлі» номинациясында – Файзолла Дарина, Жақсы ауданы, Жақсы ауылының Оқушылар үйі;

«Образды үздік актерлік бейнелеу» номинациясында – Садауова Томирис, «Дарын» театр ұжымы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылының БЖШО;

«Үздік ер адам рөлі» номинациясында – Амантай Төренияз, «Жұмат Шанин атындағы театры», Нұр-сұлтан қаласы, №2 ДБАОММЛИ;

«Көркем сөз» номинациясында – «Наследие» театр ұжымы, Көкшетау қаласы, №6 мектеп-лицейі;

«Сахналық костюм» номинациясында – «Тарих тарландары» театр ұжымы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылының №2 ЖББМ;

«Үздік сахналық безендіру» номинациясында – Бурабай ауданы, Бурабай ауылының С.Сейфуллин атындағы ЖББМ, «Достар» театр ұжымы;

Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен, ал жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Барлық қатысушыларға байқауға қатысқаны туралы сертификаттар берілді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img