Четверг, 21 ноября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетау техникалық институтының 147 курсанты ант берді

Көкшетау техникалық институтының 147 курсанты ант берді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Азаматтық қорғаныс органдарының 25 жылдығына орайластырылған шараға ҚР ТЖМ Юрий Ильин, Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаев және өрт сөндіру қызметінің ардагерлері, курсанттардың туыстары мен жақындары келді. Әскери киім киген сарбаз ұлдар оқуда озат, институт шәкірті деген абыройлы атқа лайық болуға, қандай жағдайда да елінің мүддесін қорғап, жерін қауіп-қатерден сақтауға серт берді.

«Биылғы жыл еліміз үшін үлкен сынақ болды. Осы сынақтан сүрінбей өтуде азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлері өлшеусіз үлес қосты. Бүгінгі ант беріп жатқан жас өрендеріміз де өз өмірлерінің ең жауапты сәтін бастан кешіруде. Бұл оларға үлкен жауапкершілік жүктейді. Осы сенімнен шыққан ұландар ғана елімізді төтенше жағдайлардан сақтап қала алады», — деп атап өтті Юрий Ильин.

Айта кетейік, Көкшетау техникалық институты Қазақстандағы өрт қауіпсіздігі саласында білікті маман-кадрлық офицерлер даярлайтын жалғыз арнайы оқу орны болып табылады. Биыл аталған оқу орнына 147 талапкер қабылданып отыр. Бұл курсанттар төрт жылдан кейін білім алып шыққан соң еліміздің кез келген жеріне өртке қарсы қызметке алынып, саланың дамуына едәуір үлес қосатын болады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...