spot_img
- Жарнама -spot_img
19.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетау техникалық институтының 147 курсанты ант берді

Көкшетау техникалық институтының 147 курсанты ант берді

-Жарнама -spot_img

Азаматтық қорғаныс органдарының 25 жылдығына орайластырылған шараға ҚР ТЖМ Юрий Ильин, Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаев және өрт сөндіру қызметінің ардагерлері, курсанттардың туыстары мен жақындары келді. Әскери киім киген сарбаз ұлдар оқуда озат, институт шәкірті деген абыройлы атқа лайық болуға, қандай жағдайда да елінің мүддесін қорғап, жерін қауіп-қатерден сақтауға серт берді.

«Биылғы жыл еліміз үшін үлкен сынақ болды. Осы сынақтан сүрінбей өтуде азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлері өлшеусіз үлес қосты. Бүгінгі ант беріп жатқан жас өрендеріміз де өз өмірлерінің ең жауапты сәтін бастан кешіруде. Бұл оларға үлкен жауапкершілік жүктейді. Осы сенімнен шыққан ұландар ғана елімізді төтенше жағдайлардан сақтап қала алады», – деп атап өтті Юрий Ильин.

Айта кетейік, Көкшетау техникалық институты Қазақстандағы өрт қауіпсіздігі саласында білікті маман-кадрлық офицерлер даярлайтын жалғыз арнайы оқу орны болып табылады. Биыл аталған оқу орнына 147 талапкер қабылданып отыр. Бұл курсанттар төрт жылдан кейін білім алып шыққан соң еліміздің кез келген жеріне өртке қарсы қызметке алынып, саланың дамуына едәуір үлес қосатын болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img