spot_img
- Жарнама -spot_img
23.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетКөкшетауда Абай мүсініне гүл шоқтары қойылды

Көкшетауда Абай мүсініне гүл шоқтары қойылды

-Жарнама -spot_img

Бүгін Абай күніне орай облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің жанындағы Абай мүсініне гүл шоқтарын қойды.

Колледж директоры Ахат Нұртас Ахатұлы оқу ордасының базасымен арнайы таныстырып, білім алушы шәкірттер, колледждің білім беру құрылымы және соңғы жылдардағы жетістіктер туралы мағлұматтар беріп өтті.

2021-2022 оқу жылының қабылдау комиссиясының жұмысы, оқу орнына түсуге үміт білдірген талапкерлер қарқыны, емтихандарды өткізу барысымен танысты.

Абай атындағы электронды-ресурстық кітапханасының мүмкіндіктері, кітап қоры, техникалық базасы көрсетіліп, қашықтықтан білім беру жүйесінде арнайы іске қосылған электронды кітапхана көрсетілді.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы, «Тәрбиелеушінің көмекшісі» жұмысы біліктілігі бойынша кәсіптік құзіреттілікті қалыптастыруға бағытталған «Кәсіптік құзіреттілік алаңы», соңғы технологиялармен жабдықталған Логопедия кабинеті, қашықтықтан білім беру жүйесіне негізделген көп функциялы конференц-зал жүйесі, колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img