Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында «игі істер автобусы» акциясы өтуде

Ақмола облысында «игі істер автобусы» акциясы өтуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу және «игі істер марафоны» жобасын іске асыру аясында өңірде колледж қызметкерлері мен студенттерінің қатысуымен «игі істер автобусы» акциясы басталды.

Білім басқармасынан атап өткендей, жобаның негізгі мақсаты ауыл тұрғындарын қолдау, әлеуметтік жобалау идеяларын, волонтерлік құндылықтары мен тәжірибесін насихаттау, студент жастарды қоғам мәселелерін шешуге тарту.

«Волонтерлік бастамаларды іске асыру аясында әрбір мемлекеттік колледжде жазғы кезеңде 3-4 курс қызметкерлері мен студенттерімен «игі істер автобусы» өтеді. Олар халыққа шаштараз сервисі, тігін бұйымдарын жөндеу, ағаш ұстасы, дәнекерлеу қызметі, цифрлық технологиялар саласындағы қызметтер көрсетеді. Студенттер арасынан волонтерлер елді мекендердің оқушыларымен бос уақытты ұйымдастырады, спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар, үйірме сабақтарын өткізеді. Акция барысында 5 мың адамды қамту жоспарланған», — деді ведомстводан.

Әрбір «игі істер автобусының» аумақтық әкімдіктермен келісілген өзінің жүру бағыты болады, ауылдық округтердің тұрғындары ерікті студенттер ұсынатын қызметтер спектрі туралы алдын ала хабардар етілетін болады.

Осы автобусқа қосымша 6 біліктілік бойынша халықты қысқа мерзімді оқыту курстарының қызметтерін ұсыну үшін екі мобильді оқу орталығы қосылатын болады.

«Игі істер автобусының» алғашқы шығуы Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық колледжінің студенттері мен оқытушыларының қатысуымен Атбасар ауданының Тельман ауылдық округіне өтті.

Сапар барысында еріктілер Тельман ауылының тұрғындарына шаштараз қызметтерін, компьютерлік техниканы жөндеу және түрлі бағдарламаларды орнату бойынша қызметтерді көрсетті, жалғыз тұратын адамдардың үйлері мен аула аумақтарын тазалау бойынша көмек көрсетті, Акимовка және Поповка ауылдарындағы аз қамтылған отбасылардың балаларына кеңсе керек-жарақтары бар пакеттерді сыйға тартты.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...