-26.8 C
Кокшетау
Воскресенье, 10 декабря, 2023
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетауда ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтеді

Көкшетауда ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтеді

-Жарнама -spot_img

Ағымдағы жылдың 10 қазанында Көкшетау қаласындағы «Тәуелсіздік» алаңында Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Аталған жәрмеңкеде өңірдің 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 55,6 млн.теңге сомасына 83 тонна өнім ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтары жергілікті өндірушілердің 30-дан астам азық-түлік түрлерін сатып ала алады. Бағалар нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен болады. Облыс аграршылары 23 тонна ет және шұжық өнімдерін, 4 тонна жаңа балық, 6,4 тонна сүт және сүт өнімдерін, 11 тоннадан астам ұн, 5 тонна өсімдік майы, 33,5 тонна картоп пен көкөніс және басқа да өнімдерді әкеледі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінен басқа жеміс ағаштары мен бұта тұқымдарының көшеттері, отын, пішен, астық қалдықтары сатылымға шығарылады.

- Жарнама -spot_img
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img