spot_img
- Жарнама -spot_img
12.8 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаКөкшетауда бүлдіршін 7-ші қабаттан құлап мерт болды

Көкшетауда бүлдіршін 7-ші қабаттан құлап мерт болды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға мамырдың 14-і күні кешкі сағат 18:55 шамасында орын алды. Бұл туралы Көкшетау қалалық Полиция  басқармасының кезекшілік бөліміне жедел жәрдем фельдшері хабарлап айтты.

«Кешкі сағат 18:55-те Абылай хан 15 мекен-жайы бойынша орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің 7-ші қабатынан бала құлап, мерт болды.  Ол маусым айында  2 жасқа толар еді”, – деді ведомстводан.

Анықталғандай, бүлдіршін пәтердің ашық тұрған терезесінен абайсызда құлап кеткен. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі “балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img