Вторник, 26 ноября, 2024
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заңКөкшетауда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Көкшетауда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ағымдағы жылдың 26 мамырында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қабырғасында «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өтті.

Акция құқықтық сауаттылықты арттыруға және азаматтарға, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.

Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов жоба аясындағы ынтымақтастық үшін заң қоғамы мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдеріне алғыс білдіріп, қоғаммен сындарлы диалог құрудың және азаматтардың қажеттіліктеріне жедел ден қоюдың маңыздылығын атап өтті.

«Заңды сақтау, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – бұл құқықтық демократиялық мемлекетте сөзсіз басымдыққа болуы тиіс. «Халық заңгері» акциясы дәл осындай мемлекеттің дамуына жәрдемдесуге арналған. Сондықтан, біздің сарапшыларымызды азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және өңірдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету шеңберінде бірлескен тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға шақырамын», — деді Арман Рахимов.

Акция барысында Көкшетау тұрғындары мен қонақтары 17 білікті адвокаттан, заң кеңесшісінен, нотариустан, сот орындаушысынан және облыстың 24 мемлекеттік органдар басшыларынан тегін құқықтық көмек пен кеңес алды.

Тұрғындардан азаматтық, қылмыстық, әкімшілік заңнама, ТКШ, әлеуметтік, жер мен еңбек қатынастары, құрылыс, денсаулық сақтау және тағы басқа мәселелер бойынша барлығы 50-ден астам өтініш келіп түсті.

«Бүгін мен өз сұрақтарыммен бірден бірнеше сарапшыға жүгініп, олардан тиісті түсініктеме алдым. Заңгерлерге ақша төлеуге әркімнің мүмкіндігі болмайды, сондықтан бұл акция өте пайдалы», — деп Станционный ауылының тұрғыны өз әсерімен бөлісті.

Акция бір мезгілде еліміздің барлық ірі қалалары мен негізгі елді мекендерінде өтті. Ақмола өңірінде облыс орталығынан басқа, акцияға қалалар мен аудандар да қосылды.

Айта кетейік, «Халық заңгері» жыл сайын өткізіліп келеді, осы уақыт ішінде акция халық арасында өз қажеттілігін көрсетті. Тек 2016 жылдан бастап 7 жыл ішінде еліміздің 150 мыңнан астам азаматы тегін заң көмегін алды, 7 мыңнан астам заңгерлер мен түрлі мемлекеттік органдар басшылары кеңес өткізді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» АЖ, мемлекеттік органдар, белгілі заңгерлер мен адвокаттар.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...