Сенбі, Сәуір 27, 2024
5.5 C
Kokshetau
-1 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заңКөкшетауда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Көкшетауда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Ағымдағы жылдың 26 мамырында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қабырғасында «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өтті.

Акция құқықтық сауаттылықты арттыруға және азаматтарға, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.

Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов жоба аясындағы ынтымақтастық үшін заң қоғамы мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдеріне алғыс білдіріп, қоғаммен сындарлы диалог құрудың және азаматтардың қажеттіліктеріне жедел ден қоюдың маңыздылығын атап өтті.

«Заңды сақтау, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – бұл құқықтық демократиялық мемлекетте сөзсіз басымдыққа болуы тиіс. «Халық заңгері» акциясы дәл осындай мемлекеттің дамуына жәрдемдесуге арналған. Сондықтан, біздің сарапшыларымызды азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және өңірдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету шеңберінде бірлескен тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға шақырамын», – деді Арман Рахимов.

Акция барысында Көкшетау тұрғындары мен қонақтары 17 білікті адвокаттан, заң кеңесшісінен, нотариустан, сот орындаушысынан және облыстың 24 мемлекеттік органдар басшыларынан тегін құқықтық көмек пен кеңес алды.

Тұрғындардан азаматтық, қылмыстық, әкімшілік заңнама, ТКШ, әлеуметтік, жер мен еңбек қатынастары, құрылыс, денсаулық сақтау және тағы басқа мәселелер бойынша барлығы 50-ден астам өтініш келіп түсті.

«Бүгін мен өз сұрақтарыммен бірден бірнеше сарапшыға жүгініп, олардан тиісті түсініктеме алдым. Заңгерлерге ақша төлеуге әркімнің мүмкіндігі болмайды, сондықтан бұл акция өте пайдалы», – деп Станционный ауылының тұрғыны өз әсерімен бөлісті.

Акция бір мезгілде еліміздің барлық ірі қалалары мен негізгі елді мекендерінде өтті. Ақмола өңірінде облыс орталығынан басқа, акцияға қалалар мен аудандар да қосылды.

Айта кетейік, «Халық заңгері» жыл сайын өткізіліп келеді, осы уақыт ішінде акция халық арасында өз қажеттілігін көрсетті. Тек 2016 жылдан бастап 7 жыл ішінде еліміздің 150 мыңнан астам азаматы тегін заң көмегін алды, 7 мыңнан астам заңгерлер мен түрлі мемлекеттік органдар басшылары кеңес өткізді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» АЖ, мемлекеттік органдар, белгілі заңгерлер мен адвокаттар.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...