Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетауда үй ауласындағы ағаштарға ілінген жоғары вольтты электр сымдары тұрғындардың наразылығын тудырды

Көкшетауда үй ауласындағы ағаштарға ілінген жоғары вольтты электр сымдары тұрғындардың наразылығын тудырды

Бұл туралы әлеуметтік желілерде тұрғындар түсірген бейнежазба тарады. Бейнежазба авторының айтуынша, Көкшетау қаласындағы Назарбаев және Жүнісов көшелерінің қиылысында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерге жоғары вольтты электр сымдары аулада өсіп тұрған ағаштар арқылы тартылған. Тіпті, кейбір тұстарында сымдардың төмен салбырап тұрғаны соншалықты ересек адам қолмен ұстай алады.

«Бұл Назарбаев 8 және Жүнісов 12 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйлер. Бұл үйлерге электр кабельдері тартылған. Яғни, жоғары вольті кабель бағандар арқылы емес, ағаштарға сыммен байлап тартылған. Созған адамның қолы жетеді», – дейді бейнежазба авторы.

Осы ретте, желі қолданушылар аулада ойнап жүрген балалардың қаупсіздігі үшін алаңдауда. Сонымен бірге мұндай жағдай қаланың өзге тұрғын үй аулаларында барын айтуда.

Бейнежазбаға сілтеме арқылы өту

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...