spot_img
spot_img
14 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіРеспубликалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі жеңімпаздарының есімдері белгілі болды

Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі жеңімпаздарының есімдері белгілі болды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Щучинск қалалық Жоғары педагогикалық колледж базасында 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының екінші (облыстық) кезеңі өтті.

Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және резерв құру.

Олимпиада математика, физика, химия, биология және информатика бір турда өткізілді.

Олимпиада барысында барлық пәндер бойынша оқу кабинеттерінде камера орнатылды, емтихан курсы YouTube-арнасында ZOOM платформасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Ашықтық пен академиялық адалдықты сақтау үшін байқаушылар ретінде олимпиадаға қызығушылығы жоқ «үшінші тұлғалар» шақырылды: «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің қызметкері, ата-аналар комитеттерінің өкілдері, ғалымдар мен колледж оқытушылары.

Олимпиада үш кезеңнен тұрады:
-2022 жылғы 5 сәуір – 2163 ақмолалық оқушы аудандық (қалалық) кезеңге қатысты;
-2022 жылғы 13 сәуір Щучинск қаласында – 155 оқушы облыстық кезеңге (аудандық (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары) қатысты.

Олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша I-орынға ие болған – 8 оқушы, ІІ-орынға ие болған – 9 оқушы, III-орынға ие болған – 11 оқушы дипломдар және бағалы сыйлықтарға ие болды.

Екі қатысушы грамотамен марапатталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img