Воскресенье, 9 февраля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамКөкшетауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік жоба мен бейнеролик байқауы өтті

Көкшетауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік жоба мен бейнеролик байқауы өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларын ілгерілету және қолдау шеңберінде оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы үздік жобаға конкурс өтті.

Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған байқаудың мақсаты жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға тарту болып табылады.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша үздік жұмысты Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Мәди Айтмағанбет ұсынды, ол өз жобасында жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың себептері мен жою жолдарын сипаттады.

Екінші орынды ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанты Әділжан Қалымов иеленді, оның жобасы жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың теориялық және практикалық дағдыларына үйретуге бағытталған. Курсанттың пікірінше, мұндай сыбайлас жемқорлыққа қарсы тренинг жастардың санасын өзгертуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, облыс тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы әлеуметтік желілердегі ең үздік бейнероликке байқау жеңімпаздары анықталды. Конкурстың мақсаты — заманауи коммуникация құралдары арқылы адамдардың санасына әсер ету.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды «Сердце и совесть деньгами не прикроешь» атты бейнеролик ұсынған қоғам қайраткері, Jeti Qazyna Көкшетау бастамашыл тобының резиденті Әсет Байжолов иеленді.

«Сыбайлас жемқорлық — бұл ар-намыстың жоқтығы, ақша арқылы берілетін ауру. Пара алмаңыз және пара бермеңіз! Бұл бір жақты билет…Отбасыңыз сізді үйде күтеді! ал түрмеде кім күтеді?», — деп Көкшетау қаласының №19 Жалпы білім беретін мектебінің инженері Естай Қойбағаров бейнематериалда өз пікірін білдірді.

Үшінші орынды Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанты Аслан Құмаров алды.

Жүлделі орын иегерлері ақшалай сертификаттармен, қатысушылар грамоталармен марапатталды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...

Қазақстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту

Соңғы жылдары біздің еліміз бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыру арқылы адам құқықтары саласында белгілі бір жетістіктерге жетті. Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге...

Акцию «100 дней до Победы» организовали в акмолинском ДУИС

В этом году отмечается 80-летие Победы в Великой Отечественной войне. В честь юбилея знаменательной даты в акмолинском ДУИС поддержали республиканскую акцию «100 дней до...