Сейсенбі, Мамыр 21, 2024
15.2 C
Kokshetau
12 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіКөкшетауда «Тілдесейік, достар!» қазақ тілі клубы ашылды

Көкшетауда «Тілдесейік, достар!» қазақ тілі клубы ашылды

Қазақ тілін енді инновациялық әдістемемен үйренуге болады. Көкшетауда ерекше әдіс-тәсілдермен тілді үйрететін «Тілдесейік, достар!» клубының алғашқы сабағы болып өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Клубтың негізгі идеясы – қазақ тілін оқытушылардың көмегімен емес, жора-жолдастары мен таныстарының бейресми ортасында үйрену.

Грамматикалық ережелерден бұрын қарапайым әңгімелесу, пікірлесу арқылы тілді үйрету – клубтың басты мақсаты.

Облыстық оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Мадина Кокеновның айтуынша, қазақ тілін үйренгісі келетіндердің саны күн сайын артып келеді.

«Біздің клубымыздың ерекшелігі – тілді грамматикасыз, тек қарым-қатынас арқылы үйрену. Әр түрлі бейнебаяндарды тамашалау арқылы айтылым мен тыңдалымды дамыту. Сабақтар топтық және жеке түрде ақысыз негізде өткізіледі. Ең бастысы – тілді үйренушілердің құлшынысы мен талпынысы», – дейді М. Көкенова.

Клуб мүшелері сөйлесуден бөлек қазақтың ежелгі салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысады, шағын диалогтар құрып, тілдік жаттығуларды орындайды.

Айта кетейік, тілді үйренуге ниет білдіргендің жас мөлшерінде шектеу жоқ. Мәселен, клубтағы ең егде оқушы 63 жаста, ал ең кішісі небәрі 15 жаста.

«Қазақ тілін үйрететін клуб жөнінде хабарландыруды әлеуметтік желіден оқыдым. Өзім үйреніп алғаннан кейін немерелеріме де үйреткім келеді. Сабақ өте қызықты өтті. Үзбей келіп отыратын боламын», – дейді облыс орталығының тұрғыны Ғалия Боскина.

Естеріңізге сал кетейік, «Тілдесейік, достар!» қазақ тілі клубы Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен ашылды.

 

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды

Көкшетауда «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрған және басқарған қала тұрғынына қатысты үкім шықты. «Н» азаматшасы жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан...

Жоғалған 15 жасар ақмолалық жасөспірім аман табылды

Биылғы жылдың 20 мамырында Целиноград АПБ кезекші бөліміне кәмелетке толмаған қызын іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен аудан тұрғыны жүгінді. Әйел 19 мамырда таңғы сағат 10.00 шамасында,...

Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты

2024 жылдың 19 мамырында Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатқан Иран Ислам Республикасының сегізінші президенті Аятолла Сейед Ибрахим Раиси мінген тікұшақ...

Ақмола облысының прокуроры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттықов Ақмола облысының прокуроры лауазымына тағайындалды. Руфат Бауыржанұлы еңбек...

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...