Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, қараша айында қалаға “Yutong” маркалы 50 жаңа автобус әкелінеді. Қазіргі кезде оның 7-уі жеткізілді.
Жаңа автобустар жергілікті климат жағдайына бейімделген, бейнебақылау, кондиционер,GPS автонавигатор, сымсыз интернет желісі және жылыту жүйесімен жабдықталған. Электронды билет алмасу жүйесі бар. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көтергіш те қарастырылған.
COVID-19 алдын алу бойынша автобуста дизенфекциялау құрылғысы және ультракүлгін шамы орнатылған.
«2018 – 2020 жылдарға арналған автобус тасымалын дамыту бойынша кешенді бағдарламаға сәйкес, өткен жылы Қостанайдағы “СарыаркаАвтоПром” ЖШС құрастырылған “Yutong” маркалы 44 жаңа автобус сатып алынды», — дейді ведомстводан.