Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегі«Жақсы кітап - жан азығы» атты облыстық байқауының жүлдегерлері анықталды

«Жақсы кітап – жан азығы» атты облыстық байқауының жүлдегерлері анықталды

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Кітап оқитын мектеп» республикалық жобасын іске асыру аясында «Жақсы кітап – жан азығы» байқауының облыстық кезеңі өтті.

Іс-шара оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға,  оқушылардың рухани және зияткерлік дамуының өсуіне ықпал етеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға ұсынылған материалдарда жақсы білімі көрсетілген және әлемге деген ғылыми көзқарасы бар дарынды оқушылардың шығармашылық жұмыстары жинақталған.  Жас дарындардың әр шығармасында өз Отанына деген сүйіспеншілік пен патриотизм сезімі бар.

Сырттай конкурс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған келесі командалар анықталды:

Гран-при иегері Атбасар ауданы, Атбасар қаласы №1 жалпы орта білім беретін мектебі. Топтың шығармашылық жұмысы үздік кітап деп танылды.

1 орынды үш команда бөлісті: Көкшетау қаласының №18 мектеп-лицейі, Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейі, Ақкөл ауданы Саздыбұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі.

2 орынды үш команда бөлісті: Қорғалжын ауданы Жұмай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі, Степногорск қ. Бестөбе кентінің жалпы орта білім беретін мектебі, Аршалы ауданы  Ж. Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі.

3 орынды Сандықтау ауданы Балкашино ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі, Целиноград ауданы Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі, Көкшетау қаласы Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Жақсы ауданы Ишимское ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің командалары бөлісті.

Облыстық конкурстың жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сертификаттармен, қатысушылары сертификаттарымен марапатталады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...