Сенбі, Шілде 27, 2024
19.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
ЖаңалықтарОқырман хатыКінәсіз емес, кінәлі адамдар жауап берсін!..

Кінәсіз емес, кінәлі адамдар жауап берсін!..

Досы аяққа, дұшпаны басқа қараған қиын заман қазір. Аяғын шалыс басқанды табалап, түсінбей жатып қарғадай қаумалап, жабыла кетеміз. Ірі бизнеске қолы жеткен азаматтардың біразы кешегі ауысқан жүйенің құрбаны болды. Оларға не керек, байыған үстіне байып, байлығымен перғауындық дәрежеге жетсек деген нәпсілік ниетте болғандығын бүгінгі таңда ел айтып жатыр.

Қазіргі күні Ақмола облысы, Бурабай ауданы бойынша бірқатар ауылдардың жері Банкте кепілде деген шу шықты. Агрофирма иесі Самат Сапарбекұлы Ескендіров. Сәкең, ақкөңіл, мінезі ашық, жүрегі кең азамат. Азаматтығы бір төбе, кісілігін айтпағанда.

Сонау тоқсаныншы жылдары қиын уақытта бизнеске кіріскен Сәкең, талай қиындықты бастан кешірді. КСРО-дан бөлініп шыққан тәуелсіз елдің капиталдық жүйеге ауысып жатқан шағы, өз күнімізді өзіміз көреміз деп күні-түні қытайдың ала дорбасын арқалаған халық, не көрсе де шыдамды болды. Сол сәтте Самат Сапарбекұлы «Есіл» Агрофирмасын құрып ауылшаруашылық саласына бет бұрды. Білімді азамат құлдырап бара жатқан ауылдарды көтерсем деген нық жоспары болған еді.

Амал не, қасына жинаған серіктестіктегі адамдары сенімсіз болып шықты. СҚО-ның әкімі, Сенатта жүргенде сенімді деген жігіттері, фирманы құлдырауына әкеліп соқты. Соның айғаны Кенесары ауылындағы элеваторы қазіргі күні басқа біреудің атына түсті. Қаншама тонналаған астықты құртып жібергендердің түгі кеткен жоқ, қайта ауылдардың әлсіреуіне, фирманың кері кетуіне себепкер болды.

Қазіргі таңда Самат Сапарбекұлы етек-жеңі қырқылуға шақ қалған фирманы қолына алды. Білімі мен парасаты бар, пайымды азамат, бұл қиындықтанда шығар. Бірақ, сатқындық қылып, біреудің маңдай тері төгіліп бастаған қыруар еңбегін жоққа шығаруға себепші болғандардың қазіргі таңда есімдері аталмайды.

Мысалы әрбір ауылда атқарушы директорлар болды. Солар алдымен техникаларды құртып, жұмысшылардың уақытында төлеген ақшаларын бермей, өздерінің қара бастарына жұмсағандығы жайлы осы күні ақпараттар шығып жатыр. Халық болса, барлығы кінәлі Самат Ескендіров дейді. Қателеседі.

Барлығына кінәлі сол жергілікті атқарушы директорлер, алдымен техниканың барлығын жиып-теріп апарып, елдің көзінше метал ретінде өткізген. Олардың барлығы бүгінгі таңда қос-қостан коттедж, Астана, Көкшетау қалаларынан пәтер, тіпті балабақша ашқандары да бар.

Айран ішкен құтылып, шелек түбіндегіні ұрттаған ұтылып, бүгінгі күні Самат Сапарбекұлы барлығына кінәлі болып отыр. Сонда да шықпа жаным шықпа деген азамат, тілерсегінен қиылғалы тұрған фирманы уақытында сақтап қалуға тырысып жатыр. Әрине, халықпен жұмыс істеу, қасындағы ылғи сенімсіз адамдар болғанда күрделі. Мың жерден мықты болсаң да, өзіңіздің сенімді өкіліңіз болсын.

Жалпы Самат Ескендіров дер кезінде фирманың шатқаяқтап тұрған сәтінде келмегенде, қазіргі ауылдардың күйі не болатындығын бір құдай ғана білетін еді. Алдағы уақытта барлығы толық жазып тың ақпараттармен қамтамасыз қыламыз. Ақ пен қараны айыратын уақыт жетті.

Кінәсіз адамды емес, әрбір ауыл кінәлі адамды айтсын! Сонда шындық шығады!

Жарас Ерболұлы.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...