Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарОқырман хатыКөкшетаулықтар жаңарған көшенің сұрқын бұзып тұрған дүкенді алып тастауды талап етуде

Көкшетаулықтар жаңарған көшенің сұрқын бұзып тұрған дүкенді алып тастауды талап етуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Биылғы жылдың қараша айында өткізу жоспарланып отырған «Қазақстан-Ресей» ынтымақтастық форумы қарсаңында Көкшетау қаласында әлеуметтік нысандар бой көтеріп, инженерлік коммуникация, қалаішілік жолдардың ескісі жаңартылып, жаңасы салынуда. Әсіресе, «Көктем» шағын ауданында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары қала тұрғындарының көңілінен шығады.

«Васильковка» мен «Көктем» шағын аудандарының ортасынан өтіп, «Сарыарқа» шағын ауданына апаратын күре жол жаңадан төселіп жатыр. Мұнда жаяулар мен велосипед жолдары қарастырылған. Бұл жердегі құрылыс жұмыстары мен сәулет жобасы көрген адамның көзі сүйсіндіреді. Тек, бір әттегені-ай, ол осы жаңарған көшенің сәнін бұзып тұрған  «Аида» дүкені дер едік. Тұрғындар жүріп тұруға кедергі әрі көзге күйік дүкеннің жолдың қақ ортасында тұрғанына наразылық білдіруде.

«Бұл жерде «Девчата» асханасы мен дүкені болды. Жолдың ортасында тұрғандықтан асхана тұрғындардың жүріп тұруына кедергі келтірді. Жаңа жол салатын болған соң оны бұзып алып тастады.  Ойлаған едік, е дұрыс болды деп. Алайда, жол салынған соң бұл жерге қайтадан «Аида» дүкені ашылды. Тура велосипед жолының бойында. Мүлдем ыңайсыз, әрі көшенің сәнін кетіріп тұр. Сондықтан, қала басшылығы бұл дүкенді басқа жерге көшірсе екен»,  — дейді қала тұрғындары.

Автор: Боранбай КӨМЕКЕЙ.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...