Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыБалаларды тұрғылықты жері бойынша қалай тіркеуге болады?

Балаларды тұрғылықты жері бойынша қалай тіркеуге болады?

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті тұрақты негізде Egov.kz порталы арқылы электрондық түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді дәріптеуге бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Бүгінгі күні облыс тұрғындары арасында өзекті қызметтердің бірі балаларды тұрғылықты жеріне байланысты тіркеу болып табылады. Аталған қызметті қалай алуға болатыны туралы Департаменттің мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасының бас маманы Қанат Айтымов толық ақпарат берді.

Оның айтуынша, ең алдымен баланың әке-шешесінің бірі электрондық-цифрлық қолтаңба немесе бір реттік смс-құпия сөз арқылы Egov.kz порталында авторизациядан өтуі керек.

Әрі қарай басты бетте «Азаматтық, миграция және иммиграция» қызметін таңдау қажет. Бұл жерде қызмет алушы «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» бөліміне өтуі қажет.

Бұдан әрі түрлі қызмет түрлері ұсынылады, ал олардың ішінен «16 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу» қызметі таңдалынады. Одан кейін «Онлайн сұрау» қызметін таңдап, өтінішті толтырып, оған электрондық-цифрлық қолдаңбаның көмегімен немесе смс-құпия сөз арқылы қол қою керек.

«Бұл ретте, смс-құпия сөз арқылы өтінімге қол қою үшін мобильді азаматтар базасында тіркеудің болу қажеттігін ескеру керек. Егер сізде мұндай тіркеу болмаса, сізге операторға бейнебайланыс арқылы хабарласу қызметі ұсынылады, яғни оператор онлайн режімде тіркеуден өтуге көмектеседі» — деп Қ.Айтымов мәлімдеді.

Соңында жеке кабинетте өтінімнің қаралуы туралы хабарламамен танысуға болады. Сонымен қатар маманның айтуы бойынша, егер қызмет алушы тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмаған жағдайда, баланы тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін тұрғын үй иесінен ЭЦҚ-мен расталған келісімді алу қажет. Сонымен қатар, егер бірнеше тұрғын үй иелері болса, олардың әрқайсысының келісімін алу қажет.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...