Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарОқиғаСотКөлік құралдарын заңсыз тіркегені үшін сотталды

Көлік құралдарын заңсыз тіркегені үшін сотталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

ЖШС-нің директоры «О.» бұрынғы полиция инспекторы «К.»-мен бірлесіп, 2020 жылдың желтоқсаны — 2022 жылдың қаңтары аралығында шетелден әкелінген көлік құралдарын тіркеуді жүйелі түрде ұйымдастырған. Олардың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 55 жүк көлігі заңсыз тіркелген.

«О.» құжаттарды жинаған, жалған төлем тапсырмаларын дайындап, арнайы ХҚКО-ға тапсырып отырған және «К.»-ның көмегімен көлік құралдарына техникалық паспорт пен мемлекеттік нөмір алып, содан кейін оларды иелеріне берген.

«К». өз қызмет бабын пайдалана отырып, жалған төлем тапсырмалары мен төлем фактісін жасыруға мүмкіндік беретін мәліметтер бойынша өтінімдерді кедергісіз бекітуді қамтамасыз етті. Әрбір заңсыз тіркеуден «К.» 50 000 -100 000 теңгеге дейін алып отырған.

Нәтижесінде, «О.» алдау жолымен, адамдар тобында мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірді (ҚК-нің 195-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы), бірнеше рет жалған төлем және есеп айырысу құжаттарын дайындап, өткізген (ҚК-нің 232-бабының 2-бөлігі). «К.» бірнеше рет, адамдар тобында сөз байласып, қызмет бабын пайдаланып, алдау жолымен ірі мөлшерде залал келтірген (ҚК-нің 195-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы.).

Жазаны тағайындауда сот «К.»-нің асырауында жас баланың болуы жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді, ауырлататын мән-жай ретінде — құқық қорғау органының қызметкері бола отырып, қызметтік бабын пайдалана отырып құқық бұзушылық жасағаны.

Сот «О.»-ның қылмысты жасаудағы белсенді рөлін, ауыр қылмыс жасағанын және материалдық залалды өтемегенін ескерді. Жергілікті бюджетке түспеген материалдық залал сомасы шамамен 380 млн. теңгені құрады.

Сот үкімімен «О.»-ға 5 жыл, «К.»-ға 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, әрқайсысы 3 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Материалдық залал сотталғандардан мемлекет кiрiсiне ортақ түрде өндiрiлдi.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар, сот Көкшетау қаласының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының лауазымды тұлғалары тарапынан қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуына тексеру жүргізу, істі сотқа дейінгі тергеу сатысында қадағалауды тиісінше жүзеге асырмау қажеттігін көрсете отырып, облыс прокуратурасының атына жекеше қаулылар шығарды.

Ақмола облысының Көкшетау қалалық соты.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...