Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының әрбір кәмелетке толған азаматы мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу кезінде байқаушы ретінде қатыса алады.
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес байқаушының конкурсқа қатысушылардың құжаттарымен танысуға, кандидаттармен әңгімелесуге қатысуға, әңгімелесу өткізу барысына баға беруге, мемлекеттік органның немесе мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның басшылығына конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін білдіруге мүмкіндігі бар.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті аталған ережелердің нормаларын түсіндіру мақсатында бақылаушылар мен сарапшылар, сондай-ақ Ақмола облысы мемлекеттік органдарының персоналды басқару қызметтерінің өкілдері үшін кезекті семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Райхан Братаева байқаушылар институты конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етудің пәрменді құралдарының бірі болып табылатынын атап өтті. Ағымдағы жылдың басынан бері бақылаушылардың қатысуымен 155 конкурс өткізілді. Сондай-ақ, кадрларды іріктеу тәртібіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді.
Айта кету керек, байқау кезінде сарапшыларды шақыруға да жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Жазира ТОҚТАР, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы.