-23.8 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Saturday, November 26, 2022
-23.8 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойБасты жаңалықАқмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/24 мекемесі​ әкімшілігімен Тәуелсіздік күні қарсаңында қайырымдылық шарасы...

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/24 мекемесі​ әкімшілігімен Тәуелсіздік күні қарсаңында қайырымдылық шарасы өткізілді

Егемен Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында қайырымдылық шарасы өтті.
Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/24 мекемесі қариялар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына арнап қайырымдылық шарасын өткізді.

Мекеме қызметкерлері азық-түлік пен киім-кешек таратып, қаржылай көмек көрсетті. Кездесуде қызметкерлер балаларды 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, өткізілген шараның мақсаты балалармен қарияларға қуаныш сыйлау екенін жеткізді.

Алдағы уақытта сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. «Балаларымызға қамқорлық көрсетіп, олардың бойына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастырғымыз келді. Жеткіншектерді кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулуға үлес қосуды мақсат тұттық»,- дейді мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Дархан Калымбекович Мурзабеков.

Айта кетейік, мекеме қызметкерлерімен қайырымдылық акциясы жыл сайын ұйымдастыралып келеді.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости