Сенбі, Сәуір 27, 2024
7.3 C
Kokshetau
5 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерАршалыАқмола облысында алғашқы абоненттер магистральдық газ құбырына қосылды

Ақмола облысында алғашқы абоненттер магистральдық газ құбырына қосылды

Бүгін Аршалы ауданында тұрғын үйлерді «Сарыарқа» магистралды газ құбырына қосу рәсімі өтті. Салтанатты шараға өңір басшысы Ермек Маржықпаевтың қатысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен,

«Бүгін біздің облыс үшін тарихи сәт.  Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауының арқасында облысқа газ жеткізілді. Елді мекендерге газ кезең-кезеңмен жіберілуде. Бірінші кезеңде біз 20 елді мекенді газға қосамыз. Осы ретте, бізбен тығыз жұмыс істеп отырған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ серіктестерімізге алғыс айтамыз. Екі жыл ішінде біз мың шақырымға жуық құбыр тартып, табиғи газ өткіздік. Бүгін біз Аршалы ауданының 5 елді мекенінің тұрғындарына газ жеткізіп отырмыз», – деп атап өтті облыс әкімі.

Түрген ауылындағы алғашқы абоненттердің бірі – Семенковтар отбасы.

«Біз көпбалалы отбасымыз, бес баланы тәрбиелеп өсірдік. Олардың екеуі қазірдің өзінде өз күндерін өздері көруде. Тағы екеуі университетте оқиды. Үйімізге алғашқылардың бірі болып газ тартылғанына қуанып отырмыз. Бұл біздің отбасымыз үшін үлкен қуаныш. Ауыл тұрғындары газ тартылатын күнді асыға күтті», – дейді отағасы Валерий Семенков.

Айта кетейік, 2019 жылы 17 елді мекенде – Ақбұлақ, Ақтасты, Арнасай, Бабатай, Түрген, Донецк, Анар, Аршалы, Берсуат, Байдалы, Ижевск, Шөптікөл, Волгодоновка, 42 – Разъезд, Қойгелді, Жібек Жолы, Жалтыркөл және Аршалы кентіндегі автоматтандырылған газ тарату станциясында «Сарыарқа» магистральдық газ құбырына қосу үшін газ тарату желілерінің құрылысы он жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Пайдалануға берілген «Аршалы» автоматтандырылған газ тарату станциясының өткізу қуаты сағатына 15000 текше метрді құрайды. Барлығы 345,92 шақырым газ желілері салынды.

2023 жылы Аршалы ауданын газдандырудың соңғы кезеңі Жібек Жолы ауылында жүзеге асырылады.  Яғни, бес газ реттегіш блокты пункттерді орнату арқылы 229,054 шақырым газ тарату желілері іске қосылады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...