8.3 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Wednesday, August 17, 2022
8.3 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойОқиғаҚылмысАқмола облысында білім қызметкерлері оқушылардан заңсыз ақша жинаған

Ақмола облысында білім қызметкерлері оқушылардан заңсыз ақша жинаған

Ақмола облысында білім қызметкерлері оқушылардан заңсыз ақша жинағаны үшін жауапкершілікке тартылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының негізгі тетіктерінің бірі болып табылады.

Ағымдағы жылы 1424 Call-орталығына Ақмола облысының тұрғындарынан 20-дан астам қоңырау келіп түсті, олардың ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша өтініштерден басқа жалпы сипаттағы мәселелер де бар. Оның ішінде білім беру мекемелерінде заңсыз ақша жинауға қатысты мәселе.

Мәселен, Атбасар қаласының бірнеше мектебі оқушыларының ата-аналарының өтініштері бойынша аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы Арнайы мониторингтік топ облыстық білім басқармасымен бірлесіп оқу орындарының қажеттіліктеріне ақшалай қаражат жинауға қатысты көшпелі қызметтік тергеу жүргізген. Анонимді сауалнама барысында оқушылардың 330-ға жуық ата-анасы қамтылған. Тексеру нәтижелері бойынша қала мектептері үшін түрлі қаражатқа заңсыз ақша жинау фактілері анықталған.

Осыған ұқсас фактілер Степногорск қаласының білім беру саласының қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу барысында да анықталған.

Атқарылған жұмыс нәтижелері негізінде Атбасар ауданының және Степногорск қаласының білім бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ мектеп директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында облыстың білім беру мекемелерінің басшылығымен түсіндіру кездесуі өткізілген.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости