Жұма, Сәуір 26, 2024
4.2 C
Kokshetau
2 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыАқмола облысында карантиндік шектеулер туралы қаулыға өзгерістер енгізілді

Ақмола облысында карантиндік шектеулер туралы қаулыға өзгерістер енгізілді

Ақмола облысында өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №8 жаңа қаулысы шықты, мұнда №3 қаулыға аздаған өзгерістер енгізілген.

Жаңа қаулымен Ақмола облысындағы ХҚКО-лардың (соның ішінде мамандандырылған ХҚКО-лардың, 1414 call-орталығының және виртуалды ассистенттердің) жұмысы реттеледі. Енді жұмыс күндері олар 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді, ал сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтатады.
Бұл ретте азаматтарды қабылдау электрондық үкімет порталы немесе call-орталық арқылы кезекті алдын ала брондау арқылы жүзеге асырылады.

Қаулы сондай-ақ, Ақмола облысының қалалары мен аудандарының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлеріне қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты оларға ведомстволық бағынысты аумақта карантиндік шараларды қатаңдату жөнінде дербес шешім қабылдауға құқық береді.
Қаулы 2021 жылғы 24 қаңтардан бастап күшіне енеді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...