8.3 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Wednesday, August 17, 2022
8.3 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойЭкономикаАқмола облысында жел электр стансасы іске қосылды

Ақмола облысында жел электр стансасы іске қосылды

Тәуелсіздік күніне орай Ерейментау ауданында қуаты 30 МВт жел электр станциясы іске қосылды, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы.

Жел қондырғысының құрылысын «Golden Energy Corp» ЖШС жүзеге асырған. Жел электр станциясы Тайбай ауылдық округінде орналасқан. Жоба қолда бар жел әлеуетін игеруге, органикалық отынды үнемдеуге және өңірдегі парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған.

«Нысан биіктігі 115 метр, қалақтары бар 18 мачт-турбинадан тұрады. Бұл қуаты 2 МВт-қа дейінгі нарықтағы ең жақсы турбина және жылжымалы ауданы бойынша әмбебап жел қондырғысы. Ол жоғары және орташа жел дәліздерінде өнімділікті қамтамасыз етуге арналған. Бүкіл әлем бойынша 2000-нан астам осындай турбиналар орнатылып, жақсы жағынан көрсетіп отыр», – дейді кәсіпорын директоры Анна Омашева.

Жобаның құны 5,6 миллиард теңгені құрайды. Жел электр станциясының құрылысы кезінде 30 адам жұмыспен қамтылды.

Бұдан бөлек, Ерейментау қаласының маңында қуаты 50 МВт болатын тағы бір «Ereimentau Wind Power» жел электр станциясының құрылысы басталды. Бұл жоба бойынша қуаттылығы 4,8 МВт болатын 11 жел турбинасының құрылысы қарастырылған. Жел қондырғысының құны 26,6 миллиард теңгені құрайды. Оны 2021 жылдың төртінші тоқсанында іске қосу жоспарланған.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости