Сенбі, Сәуір 27, 2024
6.8 C
Kokshetau
3 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауАқмола облысында жылыту маусымы қашан басталады

Ақмола облысында жылыту маусымы қашан басталады

Көкшетауда қыркүйектің 25-не қарай жылу беріле бастайды. Бұлтуралы «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнының бас директоры Руслан Мақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, бүгінгі таңда «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнының РК-1 және РК-2 қазандықтары облыс орталығындағы 4942 нысанды жылытады, оған 1025 көп пәтерлі тұрғын үй және 2673 жеке сектор үйі, 116 білім беру нысаны, 46 денсаулық сақтау нысаны, 120 мәдениет және мемлекеттік мекеме нысаны, 962 өнеркәсіп нысаны және өзге де ұйымдар кіреді.

«Көкшетауда жылу беру маусымы қала әкімінің өкімі бойынша халықаралық құрылыс нормаларына сәйкес сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10 градус болған кезде басталады, ол шамамен бес күнге созылуы тиіс. Яғни, осы нормаларға сәйкес, Көкшетауда шамамен жылу 25 қыркүйекке дейін іске қосылады және бірінші кезекте мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау нысандарына жылу беріледі. Кейін – көп қабатты үйлер, әлеуметтік нысандар, ал ең соңында – жеке сектор қосылады», – деді Руслан Мақышев.

Кәсіпорын басшысы атап өткендей, бүгінгі күні Көкшетау бойынша 936 тұрғын үйдің 874 немесе 82,8 пайызы жылыту маусымына дайын. Сонымен бірге, пәтер иелері жоқ 161 үйдің 62-і дайын емес. Ал, Краснояр ауылындағы тұрғын үйлердің дайындығы 100 пайызды құрайды. Станционный кентінде 19 тұрғын үйдің 18-і дайын, басқару органының болмауына байланысты бір үй дайын емес.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...