Жұма, Сәуір 26, 2024
11.7 C
Kokshetau
11 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЗерендіАлға «Nur Otan» ! Жаңа белестерге!

Алға «Nur Otan» ! Жаңа белестерге!

Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар электоралды науқанға қатысу барысында үгіт жұмыстарының тәжірибесі ретінде канвассингті пайдалануда. Олар өздерінің әлеуетті сайлаушыларының үйлерінде болып, әңгімелесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен, егер өкілетті органға сайланған жағдайда өздерінің жоспарларымен таныстырады.

«Nur Otan» партиясынан депутаттыққа кандидаттар Ботагөз Дүйсембекова мен Жанна Дүйсенова Зеренді және Викторовка ауылдары тұрғындарының үйлерінде болып, жоғары буын өкілдерімен кездесіп, олардың проблемаларын сұрап, біліп, өтініштері мен өтінімдерін тыңдады.

Ботагөз Дүйсембекова , ауданның педагогтарының өкілі, білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрайымы ретінде негізгі назарды білім беру жүйесіне, өскелең ұрпақтың білім алу мен тәрбиесіне, сәбилер мен мектеп оқушыларының жан-жақты даму мүмкіндіктеріне, олардың таланттары мен бейімдерін ашу мәселелеріне аударды.

Жанна Дүйсенова – мәдениет қызметкері. Ол өз жұмысында әр жастағы ауылдықтардың бос уақыттарын танымды тұрғыда өткізулеріне, оларды әртүрлі мәдени шараларға, шығармашылық үйірмелерге, кітапханалардың оқырмандар залына кеңінен тартуға айтарлықтай жігер жұмсауда. Назар салу аумағында – мәдениет саласын ары қарай дамыту, жастардың проблемалары да бар.

Кандидаттар канвассинг барысында назарды «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасында Зеренді ауданын тұрақты, мекендеу үшін жайлы болуы үшін қандай жұмыстар атқару қажеттігіне аударды. Атқарылар шаралар қатарында шешілулері жеделдетілуге тиіс ауылдық елді мекендерде жолдар алу және жөндеу, әлі де ашық күйде қалып отырған сумен қамтамасыздандыру, бизнестің, өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығы саласының жедел қарқынмен дамуына жағдайлар жасау мәселелері бар.

«Nur Otan» партиясы , бұрынғысынша өзінің басты мақсаты ретінде халықтың әл-ауқатын, әр отбасының тұрақты, жайлы өмір сүруін қамтамасыздандыруды санап, дәл осы бағытқа бар күш-жігерін жұмсайтын болады. Ауданымыздың өркендеп, дамуына бағытталған осы жұмысты партиямен бірге жалғастырайық», – деді кандидаттар ой бөлісушілерге арнаған сөздерінде.

– Біз өз дауыстарымызды біздің, толықтай сенімімізге ие болған, шын мәніндегі халықтық партияға береміз: тек «Nur Otan» ғана елімізді алға жылжытуға, біздің алар биігімізге, Партияның бағдарламасында қойылған ауқымды мақсаттарға жеткізуге әлеуетті деп есептейміз. «Nur Otan» партиясы үшін дауыс береміз, баршаңызды бізді қолдауға шақырамыз, – дед өз жауаптарында ауылдықтар. – Алға, «Nur Otan»!

Зеренді ауданы Ақмола облысы «Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаттары есебінен төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...