Сенбі, Мамыр 4, 2024
9.7 C
Kokshetau
13 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
ЖаңалықтарЭкономикаҚазақстаннан Түркияға 600 контейнер жасымық экпорталады

Қазақстаннан Түркияға 600 контейнер жасымық экпорталады

Қазақстаннан Түркияға 600 контейнер жасымық экпорталмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысындағы Азат станциясынан жөнелтілетін жасымық Түркияның Мерсин станциясына жеткізіледі. Ауыл шаруашылығы дақылын діттеген жеріне жеткізуді «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының «KTZ Express» акционерлік қоғамы жүзеге асыруды қолға алып отыр. Осы мақсатта «KTZ Express» акционерлік қоғамы мен түркияның «Teryak group» компаниясымен 15 мың тонна өнімді жөнелту туралы келісімшарт жасалған.

«Бүгінгі таңда «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының «KTZ Express» акционерлік қоғамы әлемінің көптеген елдеріне жүк тасымалдаумен айналысады. Оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін эскпорттау дұрыс жолға қойылған. Осы ретте, «KTZ Express» акционерлік қоғамы жүктердің діттеген жеріне кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз етеді. Осы мақсатта «KTZ Express» акционерлік қоғамы Түркияның «Teryak group» холдингімен 15 мың тонна жасымықты жөнелту туралы келісімшарт жасасты. Яғни, 600 контейнерді тасымалдауға кепілдік береді», – деді «KTZ Express» АҚ бас директоры Нұрлан Игембаев.

Қазіргі кезде жасымықтың алғашқы партиясы Азат станциясында арнай контейнерлерге тиелуде. «Азат» ЖШС басшылығының айтуынша, жүк айтылған мерзімінде тиеліп, яғни алдағы дүйсенбі күніне дейін тиеліп, жөнелтілетін болады.

«Біздің кәсіпорында алғаш рет биылғы жылдың жасымығын экспорттау қолға алынып отыр. Вагонмен емес, арнайы контейнерлер арқылы. Бұл бізге өнімді төкпей шашпай жеткізуге мүмкіндік береді. Қазір кезде 2 мың тонна жасымықты вагондарға тиеп, жедел жөнелту бойынша тұрақты бақылау шаралары жүргізілуде. Жұмыс кестеге сай жүрізілуде», – деді кәсіпорын басшысы Қанат Төлебаев.

Айта кетейік, «KTZ Express» акционерлік қоғамы келісім шарт бойынша жыл соңына дейін 10 мың тонна жасымықты экспортқа тасымалдауды жоспарлап отыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...