Сағат 11:50-де «Макинский завод теплоизоляции» ЖШС сұйытылған көмірсутек газын сақтауға арналған резервуарлық парк аумағында газ-ауа қоспасының жарылысы орын алды.
Шақырту орнына Ақмола облысы ТЖД құрамнан 8 адам және 2 бірлік техника шықты. Сағат 12:09-да ауыздықталып, сағат 12:25-те сөндірілген өрттің аумағы 10 шаршы метрді құрады.
«Жарылыс салдарынан 1974 жылы туған ер адам жарақат алды, жағдайы орташа, зардап шеккен адам денесінің 40% термиялық күйікпен аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Жарылыстың болжамды себебі – сұйытылған көмірсутекті газ резервуарларына құю ережелерін бұзу. Қазіргі уақытта полиция органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», – деді Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.
Ақмола облысының ТЖД аймақ тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.