Сенбі, Сәуір 27, 2024
7.3 C
Kokshetau
-1 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңызды«БАБАЛАР РУХЫ - БАЛАЛАРҒА» атты облыстық онлайн байқауы өз мәресіне жетті

«БАБАЛАР РУХЫ – БАЛАЛАРҒА» атты облыстық онлайн байқауы өз мәресіне жетті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «БАБАЛАР РУХЫ – БАЛАЛАРҒА» атты облыстық онлайн байқауы өтті. Байқау батыр бабаларымыздың даңқты тұлғаларына тағзым етіп, олардан мирас болып қалған ерлік пен өрліктің рухын жас жеткіншектердің бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған.

Байқаудың шарты бойынша қатысқан 7-14 жас аралығындағы ер балалар батырлар жырын жатқа оқуға тиіс болды. Үміткерлер батырлар жырынан үзінді немесе жыраулар поэзиясын жатқа айтып, бір минуттық бейнежазбаға түсіріп «Рухани жаңғыру» кеңсесіне жолдады. Байқауға екі жүзге жуық балалар қатысты. Өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге септігін тигізетін байқауда Көкшетау, Степногорск қалалары, сонымен қатар Бұланды, Біржан сал, Зеренді , Ақкөл, Бурабай, Астрахан аудандары белсенділік танытты.

Қазылар алқасының құрамына Ақмола облысының тілдер дамыту орталығының басшысы Қаратай Төлекеев, Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының маманы Сая Бекқожаева, облыстық «Арқа ажары» газетінің тілшісі Ұлмекен Тыныштыққызы, Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжінің ғылыми – әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары Арайлым Қайыргелдіқызы, Ақмола облысының «Рухани Жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыру – жобалау бөлімінің басшысы Серғазы Қайырболды кірді.  

Қазылар алқасының шешімімен І – ші орын Мырзатхан Бекарыс (Біржан сал ауданы), Арнұр Жалғасов (Бұланды ауданы),  ІІ- ші Төлеубай Райымбек (Көкшетау қаласы, Станционный кенті ), Ержан Ақтілек (Бұланды ауданы) және ІІІ-ші орынды Зибат Данияр, Кушунов Леонид (Зеренді ауданы) иеленді.

Ынталандыру сыйлықтарын  – Құттыбай Батырхан (Егіндікөл ауданы, Ұзынкөл ауылы), Айвек Еркеғали (Аршалы ауданы, Сарыоба станциясы), Кенжеболатов Ораз (Бұрабай ауданы, Щучье қаласы), Жеңіс Дархан (Көкшетау қаласы), Тілеухан Сырым (Степногорск, Қырыққұдық ауылы), Нұрсұлтан Еренбекұлы (Бұланды ауданы, Елтай ауылы) иеленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...