Жұма, Сәуір 26, 2024
13.2 C
Kokshetau
12 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарӘлемЭлектр ұшақ жылдам ұшудан рекорд орнатты

Электр ұшақ жылдам ұшудан рекорд орнатты

Британдық Rolls-Royce индустриялдық компаниясы (авиация қозғалтқыштары және қымбат автокөліктерімен танымал) Spirit of Innovation электр ұшағы өзінің санатында әлемдік жылдамдық рекордын жасағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Компанияның мәлемдемесінде ұшақты сынау кезінде 623 км/сағ жылдамдық көрсетті делінген. Дүниежүзілік әуе спорты федерациясы әзірге рекордты растамады, расталған жағдайда, бұл электр ұшағы көрсеткен ең жоғары жылдамдық болмақ. Жаңа ұшақ 16 қараша күні Уилтшир графтығындағы Боскоум-Даун әуе базасында сынақтан өткен. Штурвалда ұшқыш Фил О’Делл отырды, ол бұны өзінің мансабындағы айтулы оқиға деп атады.

Rolls-Royce компаниясы ұшақ 2017 жылы Siemens неміс электропланы орнатқан 213 км/сағ жылдамдықты басып озғанына сенімді. Ұшаққа 400 киловатт күші бар электр қозғалқышы орнатылған, бұл 535 аттың күшін береді. Онда сыйымдылығы жоғары аккумлятор орнатылған, бір уақытта 7 500 смартфонды қуаттауға күші жетеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...