Жұма, Мамыр 17, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықКөкшетауда ТКШ мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өтті

Көкшетауда ТКШ мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өтті

«Адал көмек» жобасы аясында Көкшетау қаласы әкімдігінің алаңында мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтер басшылығының қатысуымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау және кеңес беру өтті.

Іс-шара барысында өңір тұрғындары коммуналдық қызметтерге ақы төлеу тәртібі, аула аумақтарын абаттандыру, пәтерлерде жылу беру, жалпыүйлік мүлікке қызмет көрсету мәселелеріне қатысты сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды.

Қабылдау барысында келіп түскен сұрақтардың бірі үй маңындағы аумақты абаттандыруға қатысты болды. Атап айтқанда, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғыны аула аумағында футбол алаңын орнату мүмкіндігіне қызығушылық танытты. Көкшетау қалалық ТКШ бөлімінің басшылығы үй тұрғындарының ұжымдық өтінішін бөлімге жолдау қажеттігі туралы түсіндіріп, өтінішті заңнамаға сәйкес қаралатын болады деп айтты.

Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың көпшілігі өз құқықтары бұзылған кезде қайда жүгіну керектігін, оның мәселелерін қарау қай мемлекеттік органның құзыретіне кіретінін және шағым беру тәртібін білмейді. Сонымен қатар, өтінішті қараудың тиімділігі оның дұрыс дайындалуына және тиісті органға жіберілуіне байланысты. Сонымен қатар, азаматтардың өз құқықтарын жеткіліксіз білуі жосықсыз лауазымды адамдар тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға себеп болуы мүмкін.

Осы тұрғыда 2020 жылдан бастап Агенттік құқықтық сауаттылықты арттыру және халыққа, әсіресе әлеуметтік осал топтарға әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуде құқықтық көмек көрсету үшін «Адал көмек» жобасын іске асыруда. Жоба шеңберінде айына екі рет әлеуметтік нысандар базасында азаматтарға түрлі өзекті проблемалық мәселелер бойынша қабылдау және кеңес беру жүргізіледі.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...