А.ж. сәуір айында 39 жастағы қала тұрғыны Көкшетау қаласының полиция басқармасына алаяқтық әрекеттер туралы жүгінген. Ер адамның сөзі бойынша белгісіз адам одан жалған құжаттармен қымбат электр құрылғысын жалға алып, кейіннен қайта сатқан. Шығын 500 000 теңгені құрады. Белгілі болғандай қаскүнем біреудің жүргізуші куәлігін кепілге қалдырған.
Аталған арыз бойынша криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бірқатар іздестіру және арнайы іс-шаралар жүргізді, нәтижесінде облыс орталығының тұрғыны болып табылатын 28 жастағы «сатып алушы» анықталды. Жедел уәкілдер құжаттардың нақты иесін анықтады, ол өзінің жеке құжаттарын шынымен жоғалтқанын, бірақ бірден қалпына келтіргенін түсіндірді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.