Сәрсенбі, Мамыр 22, 2024
11.3 C
Kokshetau
11 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықӘлеуметтік қызметтер мемлекеттік мекемесінің басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Әлеуметтік қызметтер мемлекеттік мекемесінің басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Ақмола облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Целиноград ауданының «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры мен басқа да тұлғалардың ақшалай қаражатты жымқырғандығын әшкереледі.

Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыстық іс бойынша айыпталушылар өз қалауы бойынша, сондай-ақ Орталықтың қызмет алушыларын хабардар етпей және олардың келісімінсіз нотариаттық сенімхаттарды пайдалана отырып олардың ақшалай қаражатына билік еткен.

Сонымен қатар, тергеу бұл мекемеге 2019-2021 жылдар аралығында жалақы және басқа төлемдер түрінде ақша берілген және аударылған іс жүзінде жұмыс істемеген тұлғалар ресми түрде жұмысқа орналасқандығын анықтады.

Бюджет қаражатын ұрлаудан келтірілген залал көлемі 17 миллион теңгеден астам соманы құрады. Қылмыстық іс сотта.

Құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қылмыстық іс шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді, оның ұсынымдары сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою бойынша пәрменді шаралар қабылдау туралы ұсынысқа енгізілді (ҚПК-нің 200-бабының тәртібімен).

Атап айтқанда, ұсыныста басшылардың өз қарамағындағы қызметкерлері қызметіне тиісті бақылауды, әлеуметтік сала қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтауын, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсетудің және мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету қажеттілігі көрсетілген.

Сонымен қатар, өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылау бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында облыстық Антикор басшысы Арман Рахимов атап өткендей, тергеу әлеуметтік қорғау саласында кемшіліктер орын алғанын көрсетті. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдауға тиіс жосықсыз лауазымды тұлғалар, керісінше, одан пайда табады. Мұндай шенеуніктер, сондай-ақ олардың басшылары міндетті түрде қатаң жауапкершілікке тартылатын болады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды

Көкшетауда «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрған және басқарған қала тұрғынына қатысты үкім шықты. «Н» азаматшасы жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан...

Жоғалған 15 жасар ақмолалық жасөспірім аман табылды

Биылғы жылдың 20 мамырында Целиноград АПБ кезекші бөліміне кәмелетке толмаған қызын іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен аудан тұрғыны жүгінді. Әйел 19 мамырда таңғы сағат 10.00 шамасында,...

Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты

2024 жылдың 19 мамырында Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатқан Иран Ислам Республикасының сегізінші президенті Аятолла Сейед Ибрахим Раиси мінген тікұшақ...

Ақмола облысының прокуроры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттықов Ақмола облысының прокуроры лауазымына тағайындалды. Руфат Бауыржанұлы еңбек...

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...