20.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Tuesday, August 16, 2022
20.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойОқиға«Нұр-Сұлтан-Щучинск» трассасындағы айналма көпірден ақау шықты

«Нұр-Сұлтан-Щучинск» трассасындағы айналма көпірден ақау шықты

Республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан-Щучинск» автомобиль жолын пайдалану барысында Ақмола облысының Шортанды кенті маңайындағы 75-ші шақырымында көлік айрығында жол өтпесінің металл плиталары арасында кеңістік түрінде ақау пайда болды.

“ҚазАвтоЖол” ҰК ” АҚ Ақмола облысының Шортанды ауданының ТЖД (төтенше жағдайлар департаменті) және әкімдік өкілдерімен, Ақылы автомобиль жолдары дирекциясымен, «ҚазжолҒЗИ» АҚ-мен бірлесіп осы жол өткеліне комиссиялық тексеру жүргізді.

Комиссия, жол өтпесі бойынша автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін жол жүрісін уақытша шектеу туралы шешім қабылдады.

Жол өтпесін жақын маңдағы Мықтыкөл және Дамса ауылдарының көлік айрықтары арқылы айналып өтуге болады.
Анықталған ақаулар қысқа мерзімде жойылады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости