Сенбі, Сәуір 27, 2024
7.3 C
Kokshetau
5 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЗерендіНақты істердің партиясына дауыс берейік...

Нақты істердің партиясына дауыс берейік…

Біздің ауданымызда үгіт шаралары шеңберіндегі сапармен Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Мұрат Балпан болды. Ол Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қайрат Ауғалиев, Руслан Абдуахитовпен бірге Зеренді селосында 36 пәтерлі үйді салып жатқан құрылысшылармен, Зеренді аудандық Мәдениет бөлімінің, Орталықтандырылған кітапхана ұжымымен кездесіп, где в подробности информировал о проводимой работе партией «Nur Otan» партиясының бүкіл ел аумағында, оның ішінде Ақмола облысының өңірлерінде атқарып жатқан жұмыстарынан толық көлемді ақпарат беріп, еліміздің жетекші партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

-«Өткен кезеңде «Nur Otan» партиясының тікелей атсалысуымен мемлекетіміздің барлық өңірлерінде көптеген игі істер атқарылды, оған өздеріңіздер де куәсіздер. Дегенмен шешілмеген проблемалар да жеткілікті деуге болады. Осыған орай болашақта партияның алдында ауылдық елді мекендер тұрғындарының әлеуетін көтеру, жұмыспен қамтылуларына, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлаламалардың орындалуына қатысты келелі міндеттер тұр.

Аталған мақсаттарға жету үшін партия алдағы кезеңде де «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы, «Еңбек» бағдарламасы бойынша жыл сайынғы мемлекеттік кепілдіктер мен несиелер, кәсіпкерлерге жыл сайынғы жеңілдетілген несиелер беру тетіктерін толық көлемде пайдаланылуын, мұнымен қатар қажеттілігі заман талаптарынан туындайтын жаңа мемлекеттік бағдарламалардың қабылдануына ықпал жасап, нақты жүзеге асырылуына атсалысатын болады» ,- деп атап өтті М.Балпан.

Кездесу соңында Мұрат Сағатұлы өңірдің алдағы кезеңде даму жоспары туралы ақпарат, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріп, олардың жоғары азаматтық ұстаным танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға белсенділікпен қатысуға шақырды. Еліміздің жетекші саяси құрылымы «Nur Otan» партиясына дауыс берейік!

Зеренді ауданы Ақмола облысы «Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаттары есебінен төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...