Жұма, Сәуір 26, 2024
5.6 C
Kokshetau
4 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЕсілНаурыз мерекесі қарсаңында есілдіктер баспаналы болды

Наурыз мерекесі қарсаңында есілдіктер баспаналы болды

Есіл қаласында көпбалалы және толық емес отбасылар, жетім балалар мен мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ, пәтер кезегінде тұрған тұрғындар жаңа тұрғын үйден пәтерлі болды.

Санитарлық талаптарды сақтай отырып өткен шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Саматов қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтады. 45 пәтерлі тұрғын үйден баспаналы болғандардың бірі – көпбалалы ана Гүлмира Ғабдулинова. Ол осы сәтті асыға күтіп, енді қоныс тойын тойлауға дайындалуда.

«Қуанышымызда шек жоқ. Жиһаз бен тұрмыстық техниканы әкелу қалды. Кең дәліз, үлкен жарық бөлмелер. Бұл жерде маған да, күйеуіме де, барлық төрт балаға да орын жетеді», – деп қуанышымен бөлісті баспана иесі Гүлмира Ғабдулинова.

Бүгінге таңда аудан бойынша 521 адам пәтер кезегінде тұр.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...