Жұма, Сәуір 26, 2024
13.2 C
Kokshetau
12 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерАтбасар«Nur Otan» нақты істердің партиясы! Біз біргеміз!

«Nur Otan» нақты істердің партиясы! Біз біргеміз!

Республикалық сайлауалды штабының мүшесі, «Қазақстанның киелі жерлері» кітабының және басқа да тарихи-деректі шығармалардың авторы Берік Әбдіғалиұлы Атбасар қаласына келген кезде осылай деді. Ол «Таза қала Атбасар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Шайхинмен және І.Есенберлин әдеби музейінің қызметкерлерімен жүздесті.

Берік Әбдіғалиұлы сайлаушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

– Өйткені бұл партия нақты істер мен жетістіктердің партиясы. «Nur Otan»-ға деген халықтың ықыласы бөлек. Отыз жылға жуық уақыттан бері сенімді және көш басында келе жатқан партия екенін дәлелдеп отыр, – деді өз сөзінде.  

Жүздесу барысында Берік Әбдіғалиұлы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына, мәдениет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру мәселесіне, ұлттық мәдениет пен ұлттық кодтың сақталуына кеңірек тоқталды. Келешек ұрпақ өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен жерінің тарихын білуі тиіс деді жазушы. Республикалық сайлауалды штабының мүшесі биыл негізі қаланғанына 175 жыл болған Атбасар қаласының тарихы жайлы әңгімеледі. Бұл қаланың аты  көптеген тарихи құнды деректерде кездеседі.

Атбасарда ерекше тұлғалар өмір сүрген, революциялық қозғалыстың тарихы бастау алған, атбасарлық уездік милициясы құрылған және тағы да басқа маңызды оқиғалар орын алған. Жазушы өткенді жаңғыртып, музейлерде жаңа экспозиялар ашу керектігіне тоқталды. Басқа қалалардағы музейлер мен архивтерден Атбасар қаласы жайлы деректерді іздеп тауып, өлкетану музейінің  қорын одан сайын толықтыра түсу қажеттігін атап өтті.

Мұнан соң жазушы әрі тарихшы Берік Әбдіғалиұлы кездесуге келгендерге өзінің «Войско Алаш орды» және «Забытые Герои Советского Союза» атты орыс тіліндегі екі кітабын тарту етті.

Берік Әбдіғалиұлы өз әңгімесін қорытындылай келе, «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды. «Nur Otan»-мен қиындықты бірге еңсеріп, жеңіске жетеміз деп сендірді!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Атбасар ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...