Жұма, Сәуір 26, 2024
11.7 C
Kokshetau
11 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерБұланды«Nur Otan» өндірісті жан-жақты дамытуға ниетті

«Nur Otan» өндірісті жан-жақты дамытуға ниетті

Бұланды ауданының экономикасы тұрақты дамуы үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды нығайтып, орта және шағын бизнес саласында жаңа өндірістер құру қажет. Бұл міндет «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы өзінің сайлауалды бағдарламасында алға қойып отырған міндеттердің бірі.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясының қолдауымен 2021 жылы «Макинск құс фабрикасы» серіктестігінде 100 жаңа жұмыс орны ашылып, қуаттылығы тәулігіне 600 тонна өсімдік майын өндіретін зауытта 30 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілмек. Сатылы жүзеге асыру принципі бойынша аудан халқының басым көпшілігі жұмысқа жұмылдылырып, тұрақты табыс алып, өз жағдайын жақсартып алуға мүмкіндік алады, ал бұл дегеніміз жалпы жұмыссыздықдың деңгейін төмендету дегеніміз.

Партияның сайлауалды бағдарламасының осындай маңызды бағыттары «Макинский элеватор» және «Аскоп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымдары және Бұланды аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Шахман Құсайынов, Андрей Мельман, Асхаб Умаров және Ринат Жандыбаевпен болған кездесу барысында талқыланды.

Елі үшін адал еңбек етіп, аудан дамуына өз үлесін қосуға даяр кандидаттар жерлестерін алдымыздағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырып қана қоймай, елімізде, өңірімізді және ауданымызда болып жатқан жағымды өзгерістерге тоқталып, бұл жетістердің барлығы мемлекеттік саясат, «Nur Otan» партиясының бағыты анық саясатының арқасында жүзеге асқанын жеткізді.

Айта кететін жайт, аталмыш екі серіктестік аудан экономикасындағы салмақты өндіріс кәсіпорындарының бірі. Сонымен қатар, соңғы жылдары өндірістің қуатын артып, аудандық бюджеттің кіріс бөлігінің қалыптасуына үлесін қосып келеді. Өз бизнесін жүргізу жолында әлеуметтік жауапкершілікті де естен шығармай, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға қатысуда. Кездесу барысында жұмысшылар мен депутаттыққа үміткерлер арасында конструктивті диалог құрылып, өзара пікір алмасу өз мәресіне жетті.

Бұландылықтар «Nur Otan» партиясына деген сенімін білдіріп, ауданда жасалып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, тағы да басқа шешімін таппаған түйткілді мәселелерді тілге тиек етті. Оның ішінде, Макинск қаласында кейбір көшелеріне ауыз су тарту, көшелерді жарықтандыру, аудан орталығында жұмысшы мамандықтарғы дайындайтын кәсіби-техникалық оқу орнын ашу мәселесін қарастыру.

«Nur Otan» партиясың алға қойған міндеттері халықтың күнделікті өмірімен тығыз байланысты, сондықтан әрбіт тұрғынның көңілінен шығары сөзсіз. Әрқайсымыз ынтымағы жарасқан, бірлігі нығайған, үкіметі елдің қамын ойлап, өмір сүруге жақсы жағдай жасайтын мемлекетте өмір сүргіміз келеді, дәл осы мақсатты жылдар бойы нақты ісімен танылған «Nur Otan» партиясы да көздейді. Сайлауалды бағдарламасы да әрбір қазақстандықтың болашағы үшін бағытталған.

Көш жүре түзеледі деген дана халқымыз әрбір істің бастамасы мен мұраты болатынын баса айтқан болса керек, сол себептен «Nur Otan» партиясымен бірге жаңа мүмкіндіктер мен белестер кезеңіне ұмтылып, болашамызды айқындайтын кез келді. Бірлігіміз жарасса, шешілметін мәселе қалмас!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...