Жұма, Сәуір 26, 2024
10.2 C
Kokshetau
7 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерАршалы«Nur Otan» партиясы: Аршалы кентінде жаңа мәдениет үйі салынады

«Nur Otan» партиясы: Аршалы кентінде жаңа мәдениет үйі салынады

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өткен жылдың желтоқсан айында Көкшетауға келген ресми сапары барысында өткізген қоғамдық қабылдауында Аршалы ауданында мәдениет үйін салу мәселесі көтерілген болатын.

Ескі ғимаратта орналасқан мәдениет қызметкерлері атынан дыбыс режиссері Қасымхан Нұрахмет сөз алып, мәдениет қызметкерлеріне қолдау көрсетуді сұраған еді.

Аршалы аудандық мәдениет үйі 1960-жылдары салынған бұрынғы кинотеатрдың ғимаратында орналасқан. Ғимарат  20  жыл бұрын жөндеуден өтіп,  Мәдениет үйінің балансына берілген. Тұрғындар 200 орындық концерт залы бар, алайда 8 мыңнан астам халқы  бар аудан орталығы үшін бұл өте тар екендігін айтуда.Елорда іргесінде орналасқан аудандағы халық саны күннен күнге өсуде. Аршалы ауылына қоныс аударушылар да көп. Бала туу саны жағынан да аудан алдыңғы орындарда екендігін ескерсек, әлеуметтік нысандардың қажеттілігі айтпаса да түсінікті.

Мерекелік ірі шаралар үшін қолайсыз ғимаратта әдіскерлер, музыканттар, би, концерттік костюмдерді сақтауға арналған бөлмелер жоқтың қасы.  Облыстық, республикалық көлемде өнер көрсетіп, байқауларда бас жүлде иеленіп жүрген  өнер майталмандары жағдайларының жасалмай, ескі ғимаратты паналауы көңілге қаяу түсіретіндігін жеткізген Аршалы мәдениет үйінің дыбыс режиссері Қасымхан Нұрахмет партия басшылығынан көмек сұрады. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мән-жайды саралай келе, жергілікті атқару органдарына мәселені оң шешуін қарастырып, жаңа мәдениет үйінің құрылысын өз бақылауына алды.

Бүгінгі күні аудандық мәдениет үйін салу үшін арнайы жер телімі қарастырылып, жобалық-сметалық құжаттарын дайындау үшін аудандық бюджеттен 12,5 миллион теңге шамасында қаражат бөлінген.

Қазіргі уақытта жер учаскесінің мақсатты пайдалану құқығын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жер учаскесінің акт негізінде электр желілерін тартуға және архитектуралық-жоспарлау тапсырмасын жасауға техникалық шарттар алуға өтінім жіберіледі. Жобалаушы ұйым топографиялық және геологиялық суреттер жасап, дайындық жұмыстарын бастап кетті.

Көп ұзамай Аршалы ауданының халқы су жаңа мәдениет үйінің игілігін көретін күн де алыс емес.

Жалпы, «Nur Otan» партиясының Ақмола облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасында алдағы бес жылдықта Аршалы және Атбасар аудандарында 2 мәдениет үйінің құрылысы, облыс бойынша 13 ауылдық мәдениет ошақтары мен 3 мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Айта кетелік, жаңа  мәдениет үйлерінде  кітапхана, оқу залы, мәжіліс залы және хореографиялық бөлмелер, кең концерт залдары жоспарланған. Өнер адамдарына, мәдениет пен руханияттың дамуы үшін  барлық қажетті жағдайлар жасалмақ.

Сондай ақ, тарихи және көрнекті жерлерше танымдық-өлкетану экспедицияларын өткізу, облыстың қасиетті орындарын абаттандыру бойынша жұмыстар да ұмыт қалмайды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...