Сенбі, Сәуір 27, 2024
6.8 C
Kokshetau
3 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЗеренді«Nur Otan» партиясымен – әл-ауқаты жоғары қоғамға!

«Nur Otan» партиясымен – әл-ауқаты жоғары қоғамға!

2020 жыл біз үшін қиынды сынақтарға толы болды. Дәл осы кезеңде «Nur Otan» партиясы өзін, қалыптасқан жағдайға уақытында назар аудара, тиімді бастамаларды жүзеге асыруда бірден бір дұрыс шешім қабылдай алатын жарқын және еңселі тұрғыдан көрсете білді. Тұрғындар кезекті рет : «Nur Otan» партиясының шын мәніндегі халықтық партия екендігіне, онымен алға жылжуға болатынына көз жеткізіп, қиындықтарды жеңуде қатар қадамдауға, ертеңгі күннің тұрақтылығына сенімді екендерін білдірді.

Өз сөзіне, қағидасына берік еліміздің ең белді саяси күші өзінің алдына, еліміздің ойдағыдай өркендеп, нығаюына, тұрғындардың молшылық пен шаттықта өмір сүрулерін қамтамасыздандыруға бағытталған ауқымды мақсаттар мен міндеттер қоюда. Оған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген 17 басымдық нақты дәлел болады. Олардың қатарында – қоғамдық келісім мен бірліктің сақталуы, білім мәдениетін қалыптастыруға ықпал жасау, заңдардың басымдығын қамтамасыздандыру, сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу, мемлекеттік аппараттың тиімділігін көтеру және т.б. бар. Қазақстандықтардың да тілектері осы емес пе? Бірінші кезекте әлеуметтік проблемаларды шешуді, әлеуметтік қорғауды қамтамасыздандыруды басты мақсаттары санайтын партияның ұранында «Әркімге лайықты өмір», – делінген.

Оған мысал ретінде, біздің қоғамымызда , қала берді әлемнің барлық мемлекеттерінде орын алып отырған сыбайлас жемқорлық атауындағы келеңсіздікті алайық. Сыбайлас жемқорлықпен күресу аса қиын, дегенмен «Nur Otan» партиясы одан ада болуды басты міндеттерінің бірі ретінде айқындап, қазақстандықтардың барлық күш-қуаттарын біріктіріп, қоғамымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың тұрақты мәдениетін қалыптастыруға ықпал жасау арқылы, нәтижелі жұмыстарды жүзеге асыруды ұсынуда.

Біз бәріміз қоғамдық тұрақтылықтың негізінде тыныс-тіршілік пен еңбек етудің, бейбітшілік пен өзара келісімнің, қылмыстың жолын кесудің, төтенші жағдайлардың алдын алу шараларының жатқанын жақсы білеміз. Осының барлығы, оның ішінде құқықорғау органдары қызметтерінің тиімділігін көтеру, төтенші жағдайларға қарсы тұру инфрақұрылымы деңгейін көтеруге ықпал жасау «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында ерекше аталып өтілген.

Атап айтқанда Зеренді ауданында көшелерге бейне бақылау камераларын орнату, гидротехникалық құрылғыларды жөндеу, өзен жағалауларын бекемдеу, арналарын кеңейту және т.б. шараларды жүзеге асыру қарастырылған. Мұнымен қатар қандай да болмасын ұсыныстар міндетті түрде қолдау табады, себебі «Nur Otan» партиясына әр тұрғынның пікірі аса маңызға ие! Бiз әрдайым бiргемiз! Оған осы тұжырымның нұротандықтар арасында кеңінен тарағаны нақты дәлел бола алады. Біз біргеміз, ал ол қойылған мақсаттарға қол жеткізіледі, міндеттер орындалады деген ұғымды білдіреді. Алдағы кезеңде «Nur Otan» партиясының басшылығымен өркениетті қоғам құруды жалғастыратын боламыз!

2021 жылдың 10 қаңтарында өз даусымызды нақты істердің партиясына берейік!

Зеренді ауданы Ақмола облысы «Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаттары есебінен төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...