Сенбі, Сәуір 27, 2024
6.8 C
Kokshetau
2 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерБурабай«Nur Otan»:Мақсат ел тілегін орындау

«Nur Otan»:Мақсат ел тілегін орындау

«Nur Otan» партиясының атынан Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінен үміткер Көкшетау қаласындағы А. Мырзахметов атындағы университеттін ректоры Мәди Сағынтайұлы Елубаев, Щучинск қаласындағы педагогикалық колледжге келіп партияның арнайы жобасы канвассинг өткізіп, өлкемізге есімі танымал, мәдениет саласында отыз бес жылдан артық қызмет атқарып келе жатқан, жергілікті «Көкше әуендері» фольклорлық ансамбльін ашуға мұрындық болып жетекшілік қызмет атқарған Нұрлыбек Байшұңғұловпен кездесіп сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, пікірімен бөлісті.

Президенттіміздің бастасымен билікке айтар ойы бар, салмақты пікірі бар жастардың көптеп келуі әрине көңілге қуаныш ұялатады,-деді Нұрлыбек Сағындықұлы. Нақты батыл қадамға барып, нық шешім шығарып, елдің өрлеу жолына сүбелі үлес қосып жатқан «Nur Otan» партиясына алдағы сайлауда дауыс беріп, аға буын ретінде жастарды қолдайтындығын айтып батасын беріп, арқаны әні, оның ішінде атақты Біржан сал бабамыздың әнінен қонақ кәде жасап, Мәди Сағынтайұлына ақжол, сәт-сапар тіледі.

Мәди Сағынтайұлы алдағы кезеңде ел ішіндегі түйткілді мәселелерді біржақты қылып шешіп, халықтың алғысына бөленіп, гүлденіп, көркейіп жатқан елімізді одан әрі жандандыруға күш-жігерін аямайтындығын айтып пайымды пікірін ортаға салды.

Келесі канвассинг Щучинск қаласының байырғы тұрғыны «Асыл әжелер» вокальдық ансамбльнің мүшесі, Катия Шайсұлтановамен өткізіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырып сұхбаттасты. Сұхбат барысында бүгінгі күні батыл шешімдер, нақты жобаларды қолға алып, бағыты мол бағдарламалармен жұмыс істеп жатқан «Nur Otan» партиясының алдағы сайлауда жеңіске жетіп жатса, елдің экономикалық тұрғыдан, одан әрі өрлеп, дамуына себепкер болатындығын айтып өтті. Аға буын қашан да жастарды қолдап, білген, көргенімен бөлісіп отыратындығы жасырын емес, сондықтан жеткен жетістігіміз, жасап жатқан ісіміздің барлығы ертеңгі танымдық тарих, айтарлық тәлім,-деді Мәди Сағынтайұлы.

Катия Шайсұлтанова, «Nur Otan» партиясының атынан Қазақстан Республикасының Парламент мәжіліс депутаттығынан үміткер азаматқа алдағы бақ пен бап бәйгеге түсетін кезеңде жеңіске жетуіне тілектестік білдіріп, батыл қадам жасай алатын «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндігін айтып жеткізді.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...