13.7 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Wednesday, August 17, 2022
13.7 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойҚОҒАМБІЛІМ КӨКЖИЕГІРеспубликалық М.Мақатаев оқулары облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Республикалық М.Мақатаев оқулары облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Облыстық М.Мақатаев оқулары 2021 жылғы 17-18 наурыз аралығында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» базасында М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай 7-11 сынып оқушылары арасында өтті.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту. Оқушылар арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау.

Байқауға облыс бойынша 15 ауданнан, Степногорск қаласы мен облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарынан барлығы 53 оқушы қатысты.

М.Мақатаев оқулары 3 номинация бойынша өткізілді.

«Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясында оқушылар М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқыса, «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» номинациясында қатысушы өз шығармашылығының жинағын ұсынды және өз туындысын жатқа оқыды.

Ал үшінші «Сыр сандықты ашып қара, Ашып қара сырласым» номинациясында үміткер берілген Мұқағали өлеңдерінің шумақтары бойынша тақырыптың мазмұны мен идеясына қарай талдады.

Байқау қорытындысы бойынша 1 орын – 3 оқушы, 2 орын – 6 оқушы, 3 орынды 9 оқушы иеленді. Оған қоса 6 оқушы грамотаға ие болды.

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқарма-сының дипломдары мен грамоталарымен марапатталады.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости