Дүйсенбі, Мамыр 6, 2024
12.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаТөтенше жағдайЩучинск қаласында базар өртеніп, бір адам көз жұмды

Щучинск қаласында базар өртеніп, бір адам көз жұмды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін түнгі 04:50 шамасында болды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 97 қызметкер және 25 техника, жергілікті атқарушы органдардың 3 адам және 3 техника тартылды.

«Ақмола облысының Щучинск қаласында «Жомарт» базарынан өрт шықты. Қызыл жалын 1700 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт 45 минуттың ішінде ауыздықталды. Өрт сөндіру кезінде ер адамның денесі табылды. Алдын ала анықталған мәліметтер бойынша, ер адам базар күзетшісі болуы мүмкін. Қазіргі кезде оның жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, өрт болған жерде өрт-техникалық сынақ зертханасы, полиция қызметкерлері жұмыс істеуде», – деді ведомстводан.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...