26.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Wednesday, August 10, 2022
26.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойБасты жаңалықЖаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілер өздерінің тәлімгерлері туралы айтып берді

Жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілер өздерінің тәлімгерлері туралы айтып берді

Мемлекеттік қызметке алғаш кірген азаматтар үшін сынақ мерзімінен
өту міндетті шарт болып табылады. Бұл кезең үш айға созылады және
сынақтан өтушілердің атқаратын лауазымдарына сәйкестігін тексеру
мақсатында белгіленеді. Өткен жылы Ақмола облысының мемлекеттік
органдарында 316 тұлғаға сынақ мерзімі тағайындалды, оның 245 – і сынақтан
сәтті өтіп, қалған бөлігі әлі де өту сатысында.

Сынақтан өтушілерге сынақ мерзімінен өту кезеңіне тәлімгерлер
бекітілді. Тәлімгерлердің басты міндеті жаңадан келгендерді кәсіби
бейімдеуге тәжірибелік көмек көрсету болып табылады. Жалпы айтқанда,
тәлімгерлік жас маманмен жеке жұмысты көздейді, осыған байланысты
тәлімгерлер сынақтан өтушіге арнап бейімделу жоспарын әзірлейді, оған
мемлекеттік органның қызметімен танысуға, сондай-ақ сынақтан өтуші
атқаратын лауазымның кәсіби ерекшелігін зерделеуге бағытталған іс-шаралар
кіреді. Қажет болған жағдайда осы жоспарға белгілі бір құзыреттерді дамыту
жөніндегі іс-шаралар енгізіледі.

Тәлімгер сынақтан өтуші жұмысының тиімділігін арттыру және оны
мемлекеттік органдағы дербес қызмет атқаруға даярлау үшін ғана емес,
сонымен қатар оның толық үйлесімді дамуы, жаңа ұжымда бейімделуі үшін де
жауап береді.

Сынақтан өтушілердің арасында онлайн форматта жүргізілген жасырын
сауалнама респонденттердің 98,5% тәлімгерлік институтының тиімділігін оң
бағалағанын көрсетті.

Сонымен қатар, кері байланысты орнату аясында сынақтан өтушілермен
тұрақты негізде әңгімелесулер өткізіледі. Мысалы, Ш.Уәлиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік университетінің түлегі Юрий Чеховский 2020 жылдан
бастап Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс
істейді. Юрий өзінің тәлімгері – Гүлмира Шайкенова туралы ерекше
тебіреніспен айтып берді.

Оның айтуынша, Гүлмира Шайкенова 20 жылдан астам өзін мемлекеттік қызметке арнаған. Қызметінің бөлігі Бәйтерек ауылында өткен. Юрий өз тәлімгерінің әріптестер арасында да, ауыл тұрғындары арасында да құрметке ие, кез-келген мәселені шешудің ең жақсы тәсілін көрсетіп, әрдайым көмектесетінін, өз ісінің мықты маманы екенін айтады.

Аягөз Мұханова Мәскеу қаласындағы Ресейдің халықтар достығы
университетінде оқып, 2017 жылы заң ғылымдарының магистрі дипломын
үздік белгімен алған, ағылшын тілін жетік меңгерген маман. Университетті
бітіргеннен кейін аз уақыт жеке секторда мамандығы бойынша жұмыс істеп,
өткен жылдың ақпан айында Ақмола облысы жер қатынастары
басқармасының бас маман – заңгері лауазымына конкурстық іріктеуден өтеді.
Аягөз жас мамандар үшін алғашқы кезде тәлімгерлердің көрсететін қолдауы
ерекше маңызды екенін және оларға кез-келген уақытта жүгінуге болатынын
атап өтеді. Қазір жасай алатын көп нәрсені тәлімгерім Римма Қарымсақовадан
үйрендім деп қосады.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы
бойынша департаментінің бас маманы Андрей Шевченко тәлімгерлік
қызметтің тағы бір үздік үлгісі болып табылады. Өткен жылы А.Мырзахметов
атындағы Көкшетау университетін тәмамдағаннан кейін Андрей аталған
Департаментте жастар тәжірибесінен өтті. Кейін осында бас маман бос
лауазымына орналасуға конкурстан сәтті өтті.

Андрейдің айтуынша, білім -бұл базалық негіз және аға буынның, яғни тәлімгерлердің тәжірибесі ғана сәтті кәсіби-бейімделуге мүмкіндік береді. Андрей өз тәлімгері – Департамент басшысының орынбасары Азамат Сабыржанды құзыретті, әрқашан өз тәжірибесі мен дағдыларымен бөлісуге дайын тұлға деген сөздермен сипаттайды.

Осылайша, жас мамандар мемлекеттік қызметтегі алғашқы қадамдарын
тәлімгерлермен бірге жасайды. Яғни, алдағы уақытта жас мемлекеттік
қызметшінің қандай маман болатыны тәлімгерлік қызметтің нәтижелілігі мен
сапасына байланысты. Мемлекеттік лауазымға ие тұлғаға үнемі өсіп келе
жатқан талаптар жағдайында бұл институтты қолдану тәжірибесі орынды
және өте қажет.

ҚР МҚІА Ақмола облыстық департаментінің баспасөз қызметі.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости