spot_img
- Жарнама -spot_img
18.4 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаМакинск құс фабрикасынан өрт шықты

Макинск құс фабрикасынан өрт шықты

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сәуірдің 29-да сағат 17:34 Бұланды аудандық ТЖБ кезекшілік бөліміне Макинск құс фабрикасының нөмір 7-ші ғимаратында өрт болғандығы туралы хабар түсті.

“Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 10 адам,   Макинск құс фабрикасының 7 жұмысшысы және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері жұмылдырылды. Қызыл жалын 800 шаршы аумақтықты жарпыды. Арада 43 минут өткенде өрт сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр”, – деді ведомстводан.

Осы ретте, Ақмола облысының Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін еске салады, өрт болған жағдайда дереу «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img