-26.2 C
Кокшетау
Воскресенье, 10 декабря, 2023
ЖаңалықтарҚазақстанМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды

-Жарнама -spot_img

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспассөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасына жазды.

Бүгін Қазақстан Президенті Алматы облысына сапары барысында «Қайсар-2021» шұғыл-тактикалық оқу-жаттығуларын көреді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы медициналық құралдар, дәрі-дәрмектер, азық-түлік және жағармай шығаратын бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралап, жұмыстарымен танысады.

«Ертең, 23 тамызда Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар іс-шара өткізеді. Сонымен қатар бейнеконференция форматында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады»,-деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.

- Жарнама -spot_img
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img