-26.2 C
Кокшетау
Воскресенье, 10 декабря, 2023
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметМемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу рәсімін бұзған лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу рәсімін бұзған лауазымды тұлға жауапқа тартылды

-Жарнама -spot_img

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне С. есімді азаматтан Бұланды ауданы Макинск қаласы әкімінің орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс қорытындысымен келіспейтіні туралы өтініші келіп түсті.

Өтініш авторының көрсетілген бос лауазымға орналасу үшін белгіленетін біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіні туралы кадр қызметінің шешімі заңсыз болып табылатындығы тексеріспен анықталды.

Атап айтқанда, кадр қызметі С.-да философия докторы (PhD) академиялық дәрежесінің болуын назарға алмаған, ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына арналған «Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес  осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі не бейіні бойынша доктор дәрежесі бар адамдардың өтіліне қосымша үш жыл есептеледі.

Департамент шығарған анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың негізінде өткізілген конкурстың қорытындылары жойылып, өтініш білдірген адамның құқығы қалпына келтірілді.

Бұдан басқа, кадр қызметкері бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу фактісі бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- Жарнама -spot_img
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img