Пятница, 20 сентября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметМемлекеттік қызметтегі адам ресурстарын дамыту орталығының кезекті отырысы өткізілді

Мемлекеттік қызметтегі адам ресурстарын дамыту орталығының кезекті отырысы өткізілді

Ақмола облысында Мемлекеттік қызметтегі адам ресурстарын дамыту орталығының кезекті отырысы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — персоналды басқару қызметтері өкілдерінің қабілеттерін және жұмыс тиімділігін одан әрі арттыру, реттеуді қажет ететін бағыттар бойынша тиісті ұсынымдар енгізу.
Отырысқа ауыл әкімдері, филиал ұжымы мен оқытушылары, тренерлер, мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтерінің өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес отырыста мемлекеттік қызметшілерді оқыту және оның психологиялық аспектілері, HR сертификаттау, кадрларды стратегиялық басқару және оның мемлекеттік басқарудағы рөлі сияқты мәселелер талқыланды.
Департамент басшысының орынбасары Дархан Хайруллин «Мемлекеттік аппаратты кәсібилендірудегі жаңа тәсілдер» тақырыбында баяндама жасап, қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер және оның нәтижелері туралы ақпаратпен бөлісті.
Отырыста персоналды басқару қызметтері өкілдерімен кері байланыс орнатылып, талқыланған тақырыптар бойынша тиісті ұсыныстар енгізілді.
spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор Ақмола құрылысы ұзаққа созылған объекттерді бақылауды жалғастыруда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті құрылысы сыни тұрғыдан кешіктірілген әлеуметтік маңызы бар объектілерді сүйемелдеуге мониторинг жүргізілуде. Облыс әкімдігімен бірлесе отырып, құрылыс-монтаждау...

МҚІА Департаменті қызмет алушының құқықтарын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» қызметін көрсету кезінде лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері...

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 363 қызмет алушының құқықтары сақталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 363 қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті. Осылайша, бұған...

Ақмола облысында 119 мемлекеттік қызметші үстеме жұмысқа тартылған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024...

Ақмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Ақмола облысы кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет...